Ресейде мектептегі атыс: 17 адам, оның ішінде 11 оқушы қаза тауып, 24 адам жарақат алды
Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болып, он жеті адам қаза тапты, 24 адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ТАСС.
«Бүгін полицияға Ижевск қаласының №88 мектебінде атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды», – деді Ұдмұрт Республикасы бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның он жетісі қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам», – делінген хабарламада.
Барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді. Удмуртия басшысы Александр Бречаловтың айтуынша, олар ауыр және орташа ауыр жағдайда.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаушы адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ол осы мектепте түлегі жергілікті тұрғын Артем Казанцев болып шықты. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.
Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Хинштейн шабуылдаушы атыс қаруына қайта жасақталған екі травматикалық тапаншамен қаруланғанын айтты. Мұны удмурт Республикасы Ресей гвардиясы басқармасының баспасөз қызметі де растады. ТК ұсынған жедел видеода тапаншалар көрінеді. Оларға шабуылдаушы 9 мм калибрлі,10 оқсалар дайындаған. Оқсаларда қызыл бояумен «жек көру»сөзі жазылған.
Ұдмұрт басшысы Александр Бречалов оқиға орнына келді.
Мектеп Ижевск қаласының орталығындағы қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан. Қазір онда 982 оқушы оқиды, 80 мұғалім жұмыс істейді.
26 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін аймақта қаза тапқандар үшін аза тұту жарияланды.