ҚР Жоғарғы Соты Оралдағы Шаған өзенінің жағасындағы демалыс базасын бұзу туралы талапты қанағаттандырды

Өткен жылы Шаған өзенінің жағасында «Set Sail PARK» — қалалықтар үшін демалыс базасын ашқан «Серик» ӨЖК басшысы Серік Мерғалиевтің жобасы туралы сөз болып отыр.

«ОА» мұрағатынан алынған сурет

Осы жылдың қыркүйек айының басында ҚР әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы судья Түкиевтің төрағалығымен БҚО-ның бірінші және екінші сатыдағы соттары қабылдаған «Серик»ӨЖК-ға қатысты бұрын шығарылған шешімдердің күшін жою туралы қаулы шығарды.

Әкімшілік істер бойынша Жоғарғы Сот БҚО соттарының барлық шешімдерінің күшін жойып, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (бұдан әрі — ӘКК) жер учаскелерін беру рәсімінің 43-бабында көзделген өрескел бұзушылықтарын анықтады.

Нәтижесінде сот шығарылған қаулыларды заңсыз деп тауып, талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды.

— Жоғарғы сотта олар менің клиенттерімнің ісін жаңа сот қарауына жібермеді және сотта ұсынылған барлық дәлелдемелерді негізді және жеткілікті деп санады, – деді Светлана Кленина.

Ол түсіндіргендей, Орал әкімдігінің қаулылары заңсыз деп танылғандықтан, Серік Мерғалиевке берілген жер мемлекетке қайтарылуы тиіс.

Светлана Кленина қазіргі уақытта жер қатынастары бөлімі «Аqjaiyq» ӘКК-ге, ӘКК мен «Серик»ЖСП арасындағы шартты бұзу туралы талап арыз беріп, сотта қаралып жатқанын айтты.

– Шартты бұзуға ҚР Жоғарғы сотының шешімі және жер ресурстары комитетінің тексеру нәтижелері негіз болып табылады, оның барысында жер учаскесінің заңсыз берілгені анықталды, — деп түсіндірді адвокат.

Оның айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік органдар заңсыз берілген жер учаскесін талап етіп, оны бастапқы қалпына келтіруі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО – ның сот инстанцияларына Румянцев, Копняев және Нұрмағамбетов – «Мичуринское» саяжай қоғамының тұрғындары, саяжай кентінде тұрақты тұратындар арызданған болатын.

Сотта саяжай иелері Серік Мерғалиевке берілген инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында пайдаланылған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтынын мойындауды талап етті. Осыған байланысты талапкердің өкілдері Серік Мерғалиевтен Шаған өзенінің жағасында салынған ғимараттарды бұзып, жағаға алғашқы келбетін қайтаруды талап етті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

4 + 19 =

x
2022-12-02
Утром-8.56 ℃
Днем-6.85 ℃
Вечером-7.59 ℃
Ночью-9.52 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1044
Скорость ветра5.63 м/с
2022-12-03
Утром-10.94 ℃
Днем-8.63 ℃
Вечером-10.05 ℃
Ночью-11.01 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1048
Скорость ветра6.19 м/с