Балалар оқулыққа толы ауыр рюкзактарды арқалап жүруге мәжбүр – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» жобасы бойынша баяндама жасады, деп хабарлады Ақорда.

Министрдің айтуынша, жобаның мақсаты – мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу. Жобаның жүзеге асырылуы 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салуға мүмкіндік береді.

Жаңа қолайлы мектептердің қазіргі салынып жатқан мектептерден концептуалды артықшылығы мынада: құрылыстың бірыңғай стандарты сақталады, пән кабинеттері мен зертханалар толықтай жабдықталады, 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін дербес блок болады, спорт залдарының саны оқушы санына қарай есептеледі және 1-4 сынып пен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналастырылады, әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар қарастырылады.

Баяндаманы тыңдаған Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуі қажет», – деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі керек.

«Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан өңір басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі керек. Қалғандары жыл соңына дейін. Үкіметке әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін айқындап, олардың орындалуын бақылауды тапсырамын», – деді Тоқаев.

Президент ұлттық жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыру үшін биыл барлық қажетті нормативтік актілерді қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысын қолдады.

Мемлекет басшысы балалардың оқулыққа толы үлкен әрі ауыр рюкзактарды арқалап жүруге мәжбүр болуына байланысты ата-аналардың шағымдарына арнайы тоқталды. Бұл балалардың денсаулығына зиян келтіретіні анық.

Асхат Аймағамбетов проблемаларды шешуге бағытталған шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық оқулыққа кезең-кезеңімен көшу ісі жүзеге асырылып жатыр, сондай-ақ жаңа мектептер оқушылардың жеке заттарын, ауыстыратын аяқ киімдері мен оқулықтарын сақтайтын жеке шкафтармен жабдықталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-21
Утром16.85 ℃
Днем25.05 ℃
Вечером24.12 ℃
Ночью21.21 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.5 м/с
2026-05-22
Утром11.64 ℃
Днем22.1 ℃
Вечером22.98 ℃
Ночью16.02 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.4 м/с