БҚО полициясының жеке құрамы РФ шекарасындағы көші-қон ағынына байланысты күшейтілген режимге көшірілді

Мәселе облыс әкімдігінде шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Әлеуметтік желіден алынған сурет.

Қазіргі уақытта ең маңызды мәселе-Ресеймен шекарадағы Қазақстан азаматтарын қайтару. Өңір басшысы Ғали Есқалиев Ресей шекара ведомствосымен бірге шекара қызметі департаментіне біздің азаматтарымызға көмек көрсету бойынша мәселені шешуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі осы проблеманы шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне ұсыныстар жіберді, олар қазірдің өзінде жедел түрде қаралуда.

Тағы бір маңызды міндет БҚО аумағында қалған РФ азаматтарын есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады. Облыс әкімі шетелдіктерді қабылдайтын азаматтар үш тәулік ішінде полиция органдарына олардың келгені туралы хабарлауы тиіс екенін атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке көші-қон қызметімен бірлесіп, батысқазақстандықтар мен мигранттардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын күшейту, хабарландыру санын ұлғайту және қажетті ақпараты бар СМС таратуды ұйымдастыру тапсырылды.

Заңсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің көптігін ескере отырып, полиция департаментіне мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, осындай жалға берушілерді анықтау және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау тапсырылды. Облыс әкімі мұндай азаматтарға жалға беру құқығын ресімдеу күрделі емес екенін және Мемлекеттік кірістер департаменті органдары айыппұл санкцияларын қолданудан басқа, осындай жалға берушілерді тіркеуге консультациялық көмек көрсетуі тиіс екенін еске салды. Цифрлық технологиялар басқармасына қызмет базасында көші-қон заңнамасы мәселесі бойынша мигранттар мен жалға берушілерге 109 нөмірі бойынша кеңес беруді ұйымдастыру тапсырылды.

Келесі міндет Қазақстан азаматтарының да, көшіп-қонушылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өңір басшысы полиция департаментіне жеке құрамды күшейтілген режимге көшіруді, өзінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке Батыс Қазақстан облысы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында құрылған халық жасақтары жасағын полиция департаментінің қарамағына жіберуді тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

nine + 18 =

x
2023-12-11
Утром-14.38 ℃
Днем-12.81 ℃
Вечером-13.16 ℃
Ночью-15.67 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.13 м/с
2023-12-12
Утром-18.75 ℃
Днем-16.97 ℃
Вечером-15.91 ℃
Ночью-15.45 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.7 м/с