Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сенімді адамы Нахановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Ибулла Серді және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға қатысты істің тергеуін аяқтады.

Олар 2019 жылы бақылаудағы «Азиягаз Чунджа» ЖШС арқылы газды жеткізу кезінде Qazaq Gaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) ұлттық компаниясының қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жүзеге асырған.

Ұрланған 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат кейіннен заңды кәсіпкерлік қызметтен дивиденд ретінде бөлу және төлеу желеуімен заңдастырылған.

Осылайша, күдіктілер жасалған заңсыз операциялардың шын мәнін жасырған. Тергеу барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Сонымен қатар, 38 миллиард теңге қолма-қол ақша мен 4,2 миллиард теңгенің жылжымайтын мүліктері тәркіленді. Осы бөлім бойынша тергеу аяқталды, материалдар процеске қатысушыларға таныстыру үшін берілді.

Сонымен бірге, Австрия, Латвия, Люксембург, Молдова, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Эстониядан заң аясындағы көмегінің нәтижесі келмегендіктен, Боранбаевтың заңсыз әрекеттерінің басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, Агенттік заңсыз кірістерге сатып алынған шетелдік активтерді анықтау және бұғаттау жұмыстарын жүргізуде.
Шетелдік әріптестерден материалдар келіп түскеннен кейін тиісті құқықтық баға беріледі.

Айта кету керек, 2010 жылдан бері Боранбаевпен еншілес компаниялар Қазақстанда өндірілген газдың едәуір бөлігін шетел шоттарында кіріс шоғырлануымен экспорттаған. Бұл әрекеттер ұлттық мүддеге қайшы жасалды.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде, биылдан бастап жылдық құны 440 млн АҚШ долларынан асатын (207 млрд теңге) қазақстандық газдың көрсетілген көлемі ел ішіндегі тұтынушыларға және мемлекеттің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

6 + seven =

x
2023-12-11
Утром-14.41 ℃
Днем-12.42 ℃
Вечером-12.93 ℃
Ночью-15.42 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.99 м/с
2023-12-12
Утром-18.47 ℃
Днем-16.89 ℃
Вечером-15.83 ℃
Ночью-15.38 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.69 м/с