БҚО қоқыс үйінділері үшін ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елімізде, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында экология, геология, су ресурстары, орман және балық шаруашылығы салаларының дамуы туралы бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев Орал қаласында халықпен кездесуі барысында айтып берді.

«ОА» мұрағатынан

Министрдің айтуынша, ел бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы жылдың 6 айында 998 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ға төмен (1,1 млн. тонна), ал БҚО-да 12,1 мың тонна, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 43%-ға төмен (27,7 мың тонна). Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.

«Жалпы, экожүйені жақсарту үшін жүйелі шаралар ретінде өткен жылы жаңа экологиялық кодекс қабылданды, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап өңірлер бөлінісінде экожүйені жақсарту бойынша Жол карталары бекітіліп, іске асырылуда», – деп атап өтті С.Брекешев.

Ол сонымен қатар қалдықтарды басқару мәселелеріне тоқталды. Осы жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚТҚ өңдеу үлесі ел бойынша 23% (2021 ж. – 20%) құрады, БҚО-да бұл көрсеткіш – 14,7%, өсім 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 есені құрады.

Рұқсат етілмеген полигондардың көбеюі, әсіресе облыс орталығында (64) орын алаңдаушылық туғызады. Биылғы космомониторинг нәтижелері бойынша қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 310 орны анықталды, олардың тек 84-і немесе 27%-ы жойылды. Бұл ел бойынша полигондарды жоюдың төмен деңгейі.

Осыған байланысты, стихиялық қоқыс үйінділерін уақтылы жою, қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол беру бойынша тиісті жұмыс жасамағаны үшін БҚО Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау және Теректі аудандарының ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром24.34 ℃
Днем32.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с