Оралда төбелес шығарған ресейліктер Қазақстаннан шығарылады
Орал қаласындағы түнгі клубта төбелес шығарған Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты шешім шықты. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік соты жаза ретінде төрт азаматты Қазақстаннан шығаруға шешім қабылдады.

Оралдағы мас күйінде төбелескені үшін төрт ресейлік Қазақстаннан шығарылды.
Бүгін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28 – бабының негізінде төбелеске қатысушылардың барлығын елден шығару туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады.
Еске салайық, 30 қыркүйек күні сағат 00:00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларына шолу жасап отырғанда Оралдағы түнгі клуб жанындағы ер адамдардың төбелесін байқайды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды.