БҚО соңғы он күнде 42 мың Ресей ер азаматы кірген
БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат ЖАНШИН:» Облысымыздың шекарасын Ресейдің 54 мыңнан астам азаматы кесіп өтті», — деді.

Жанболат Жаншиннің айтуынша, Ресей Федерациясының 17 мың азаматының келуі туралы хабарлама бар. Ресейдің 54 мың азаматының ішінен негізгі келгендер-18 бен 55 жас аралығындағы ер адамдар. ЖСН алуға ХҚКО-ға 7 296 Ресей азаматы өтініш берді.
Департамент басшысының орынбасары полиция қызметкерлері азаматтар көп жиналатын орындарда тәртіпті қамтамасыз ету үшін күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатқанын, сонымен қатар полицейлер өткізу пункттерінде кезекшілік ететінін атап өтті.
– Бізге келген Ресей азаматтарына біздің қызметкерлер ресейліктердің не құқығы бар екенін және БҚО аумағына келген кезде қандай міндеттер атқаратынын түсіндіреді, – деп атап өтті Жанболат Жаншин.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясынан келушілердің ағынына және тұрғын үйді жалға алудың қымбаттығына байланысты көптеген жергілікті тұрғындар келушілерге баспана береді.
–Ресми деректерге сүйенсек, Ресей азаматтары қонақүйлер мен жатақханаларда – 452 адам, «Атлант» спорт кешенінде — 27 адам, таныстары мен туыстарында – 314 адам және жалдамалы пәтерлерде – 427 адам тұрады, — деп хабарлады Жанболат Жаншин.
Мария ДРАЧЕВА