Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды

Орал қаласында қылмыстық сот жергілікті тұрғын Максим Яковченкоға қатысты қылмыстық істі қарауға қабылдады.

«ОА» мұрағатынан

Әлеуметтік желілерде Ресейге Орал, Петропавл және Павлодар қалаларын беру керектігі туралы пост жарияланғаннан кейін полицейлер оның авторы Максим Яковченкоға атысты «Ұлтаралық араздықты қоздыру» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған еді.

Қылмыстық істің себебі: «Орал, Петропавл, Павлодар және т.б. Ресейге беру керек. Өйткені мұнда бәрін жойып жатыр. Жатжерліктер билік басында. Жатжерліктер барлығын құртады…». Яковченко бұл жазбаны Вконтакте әлеуметтік желісінде жазды және жариялады. Осы сөздермен скриншотты журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жіберді, ол пост авторының парақшасын тауып, одан түсініктеме алуға тырысты.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров, бүгін, мені куәгер ретінде сотқа шақырады деп, өзінің Фейсбук парақшасына жазды.

Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды-174 «Алауыздық» және 180 «Сепаратизм».

Бастапқыда полиция араздықты қоздырды деген күдікпен тергеуді бастады. Соңынан сепаратистік әрекетке қатысты айыптайтын бап қосылды.

Батыс Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот процесі 11 қазанда өтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.33 ℃
Ночью29.27 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с