«Батыс су арнасы» ЖШС мен «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қысқы мезгілге дайындығы қалай

Екі аптадан соң жылыту маусымы басталады. Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев «Батыс су арнасы» ЖШС мен «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қысқы мезгілге дайындығымен танысты.

«ОА» мұоағатынан

Өңір басшысы алдымен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның базасында болып, кәсіпорын басшысының есебін тыңдады. Серіктестік директоры Әнуар Аркеновтың айтуынша, уақытша өтемдік тарифтің енгізілуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы нашарлаған. Сәйкесінше кредиторлық берешегі күн сайын артып келеді. Бүгінгі күні кәсіпорынның кредиторлық берешегі – 1,2 млрд теңге. Оның ішінде салық төлеміне – 596,8 млн теңге, жабдықтаушыларға кредиторлық берешегі – 627,5 млн теңге. Алайда еңбекақы бойынша қарызы жоқ. Кейінгі 2-3 жылдан бері тұрғындар бұл кәсіпорынға 149 млн теңге қарыз. Кәсіпорын директоры аталған мәселені шешу үшін кәсіпорынның шығынсыз тарифін бекіту қажет дейді. Себебі тариф тиімсіз болғандықтан, компанияның кірісі шығындарды өтей алмайды. Соңғы екі жылдың көрсеткішін сараласақ, 2020 жылы кәсіпорынның кірісі – 2316 млн теңге, шығыны 2884 млн теңге болған. Былтыр ЖШС 2010 млн теңге табыс тапқанымен, шығын көлемі 3069 млн теңгеге жеткен.

Кәсіпорын басшылығы БҚО-ны әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 55 шақырым қалалық су құбыры желілерін (28,8 млрд теңге) және 29,7 шақырым қалалық кәріз желілерін (40 млрд теңге) қайта жаңарту және жөндеуді жоспарлауда. Барлық жоба республикалық жәнеергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Өңір басшысы жағдаймен толық танысып, төлем жүйесіндегі ашықтық, тарифке қатысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, қызметкерлердің қауіпсізігін сақтау бойынша тапсырмалар берді.

«Жайықжылуқуат» АҚ қаладағы 1664 нысанға жылу береді. Кәсіпорын өткен 8 айда 680 мың Гкал жылу энергиясын және 196 млн кВтс электр энергиясын өндірген. Жайық өзенінен 13 млн текше метр су алыпты. Сондай-ақ 589 мың Гкал жылу энергиясын және 154 млн кВтс электр энергиясын сатқан. Аталмыш кәсіпорынның директоры Қуат Мусиннің баяндауынша, 27 қыркүйектегі жағдай бойынша кәсіпорынның дебиторлық алажағы – 565 млн теңге. Оның ішінде жылу энергиясы бойынша 528 млн теңге уақтылы төленбеген.

«ОА» мұрағатынан

Атап өтсек, кәсіпорынға тұрғындар – 503 млн теңге, бюджеттік кәсіпорындар – 6 млн теңге және басқа нысандар 19 млн теңге қарыз. Электр қуаты бойынша 26 млн теңгеге жуық алажағы бар. Кәсіпорынның кредиторлық берешегі – 985 млн теңге. «Жайықжылуқуат» дебиторлық берешекті өндіріп алу үшін сот шешімімен тұрғындардың жылжымайтын мүлкіне, аутокөлігіне, банк шоттары мен карталарына тыйым салу, ел аумағынан шығуға шектеу қою шараларын қолданған.

– Кәсіпорындағы ең үлкен мәселенің бірі – дебиторлық алажақты өндіру. Тұрғындардың төлем бойынша уақытында есеп айырыспайтынын немесе мүлде төлемейтінін үнемі айтып келеміз. Кейбір нысан коммуналдық төлемге қаражат бөлгілері келмейді. Алайда олар көрсетілген қызмет үшін ақы төлеуге міндетті. Әйтпесе кәсіпорын шығыннан құтыла алмайды. Қызмет ақысын төлемейтіндерге қатаң шара қолдану керек. Ал тарифті өсіру үшін алдымен кәсіпорын шығынының азайғанын дәлелдеп, толық есеп беруі қажет. Шығынды азайтып, кірісті көбейтетін нақты іс-шараларды жүзеге керек. Кәсіпорындағы жаңа жобаларды қолдаймын. Оларды коммерциялық бағыттағы жобалар деп есептеймін. Бюджет қаражатына арқа сүйемей-ақ, инвесторлармен жұмыс істеуге бейімделген дұрыс. Инвестор тартудан нәтиже болмайтынына нақты көз жеткізгесін ғана бюджет қаржысын бөлуді қарастыруға болады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром10.99 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с