Орал-Атырау жолы өлім-жітім жиі болатын трассалар тізімінде

Үш трассаға ЖКО-да қаза тапқандардың жалпы санының 64% – ы тиесілі.

«ОА» мұрағатынан

Жолдардағы ЖКО-ның негізгі себептерін ІІМ басшысы еліміздегі жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Үкімет отырысы барысында атап өтті.

Министр қала сыртындағы трассаларға ерекше назар аударды. Оларға ауыр ЖКО-ның негізгі саны, сондай-ақ қаза тапқандардың 69%-ы тиесілі.

Жамбыл (91%), Солтүстік Қазақстан (88%), Жетісу (86%), Алматы (83%), Атырау (81%), Ақмола (80%), Түркістан (72%), Павлодар (70%), Қызылорда (70%) облыстарында бұл көрсеткіш одан да жоғары.

– Жамбыл облысынан өтетін “Батыс Еуропа – Батыс Қытай”, “Алматы – Ташкент”, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін “Орал-Атырау” автожолдарындағы жалпы жағдай қиын. Осы облыстардағы қаза болу фактілердің 64%-ы дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы жүріс бағытына шығу және жылдамдықты арттыру, – деді министр.

Бүгінгі таңда 6 мың км-ден астам жолды бірінші санатқа ауыстыру қажет.

Анықтама: ІІ-санат – ені 6-7 метрге дейін 2 жолақты облыстық және жергілікті маңызы бар жолдар және ені 5 метр болатын 2 жолақты облыстық және аудандық маңызы бар ІІІ-санаттағы жолдар.

Қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігіне жол бойындағы инфрақұрылым да әсер етеді.

– Өкінішке орай, жол бойында кэмпингтер, демалыс орындары, тамақтану пункттері жоқ. Осыған байланысты жүргізушілер көлікті ұйқысыз және демалыссыз басқаруға мәжбүр. Осылайша олар өзін де, өзгені де қауіпке тігеді, – деді министр.

Министр тағы бір мәселе – заңсыз тасымалдаушылар екенін де атап өтті.

– Олар жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзып, аймақтар арасында тоқтаусыз жүреді. Ал көліктері қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Жалпы жыл басынан бері 800 көлік аударылған, 1 195-і ілесе қақтығысып, 1 250-і бетпе-бет соқтығысқан. Басты себеп – көлік басқару кезінде ұйықтап кету және көліктердің техникалық ақаулығы, – деді спикер.

Ол Индустрия министрлігі мен әкімдіктерге бұл бағыттағы жұмысты бірлесіп атқаруды ұсынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром10.99 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с