Шекарадағы Ресейліктердің көлігі тоналып жатыр
Қазақстан мен Ресей шекарасында мародерлер қаптап жүр. Олар көліктерін шекараға тастап, Қазақстанға жаяулап өткендердің көліктерін шетінен тонап жатыр, дейді екі ел арасында жүк тасып жүрген жүргізушілер.

Шекарада қараусыз қалған көптеген көліктің терезесі сынған, оған қоса дөңгелектерін шешіп әкеткен. Батыс Қазақстан мен шектесетін Ресейдің Орынбор бағытындағы Шаған шекара өткелінде көптеген көлік қараусыз жатыр. Олардың барлығы бүлінген.
«Бірнеше машинада әйнектері сынған, ал басқаларында доңғалақтары жоқ. Шаған (Теплое) — Орынбор бағыты автомобиль шекарасынан Ресей тарапынан 40-қа жуық автокөлікті тастап кеткен. Барлығы дерлік тоналған. Самара бағытында, Ресей Федерациясы тарапынан 10 тастанды автокөлік бар», – дейді ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері.
Мобилизациядан қашып, Қазақстанға қарай өтіп кеткендердің автокөлігін ешкім қорғайын деп жатқан жоқ. Көліктердің тоналғаны туралы арыз түспегендіктен мародерлік дерегі де тіркелмеген.
