Отанға опасыздық жасағандар сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады.

– 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, – делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сотталғандар кім болды

63 жастағы Марат Шайхутдинов 2015 жылдың шілдесінен 2022 жылдың наурызына дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Жалпы, қауіпсіздік кеңесінде ол 2009 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны осы қызметтен босатты.

36 жастағы Олег Ждан «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің сайтында осы кешенде геосаяси және әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері болып табылады. Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

Сол сайтта 62 жастағы Леонид Скаковский кешеннің стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі екендігі айтылады. Білімін Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алған. Әр уақытта КММ, Целиноград медициналық институтында, Астанадағы Қонаев атындағы Гуманитарлық университеттің филиалында жұмыс істеді.

Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шет елдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-11
Утром17.58 ℃
Днем24.42 ℃
Вечером28.65 ℃
Ночью21.55 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.3 м/с
2024-09-12
Утром17.65 ℃
Днем27.68 ℃
Вечером24.76 ℃
Ночью18.68 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.23 м/с