Қазақстан-Ресей шекарасы: қорытынды құжаттарды жасауға әлі 2-3 жыл керек – СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 3-7 қазан аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 122-ші отырысы өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 3-7 қазан аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 122-ші отырысы өткенін мәлімдед, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тараптар аумақтарды межелеу бойынша қорытынды құжаттардың жобаларын бекітуді жалғастыруда.
«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады», – делінген сенбі күнгі жарияланған құжатта.
Ал 14 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шекараны нақтылау үшін тағы екі-үш жыл қажет болуы мүмкін екенін нақтылап өткен еді.
«Ресейден басқа барлық көрші мемлекеттермен демаркация аяқталды. Бұл үшін тағы екі-үш қажет болатын шығар», – деген ол.
Айта кетейік, екі ел арасындағы шекараны бөлу туралы соңғы ресми деректер 2020 жылы жарияланған еді. Сол уақытта Қазақстанның Ресеймен мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстары 89 пайызға орындалғаны мәлім болған.