Қырым көпірінде жанармай цистерналары өртенді

Қырым көпірінде сенбі күні таңертең жүк көлігі жарылғаннан кейін пойыз өртеніп, автокөлік жолы жартылай опырылып түсті.

Ашық дереккөзден

Ресейлік БАҚ оқиға орнында түсірілген видеоларды жариялады. Онда темір жолдағы жанармай құйылған цистерналар өртеніп жатыр, ал параллель орналасқан автокөлікке арналған тасжолдың аралығы опырылып түскен.

Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті Қырым көпірінде жүк көлігі жарылғанын хабарлады.

«Бүгін таңғы сағат 06:07-де Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, Қырым түбегіне қарай бет алған теміржол пойызының жеті жанармай цистернасының тұтануына себеп болды», – деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

Соның салдарынан екі көлік аралығы жартылай опырылып қалды.

Ашық дереккөзден

Белгілі болғандай, бүгін таңертең жарылған жүк көлігінің қасындағы жолаушылар көлігінде болған ер мен әйелдің мәйіттері су бетіне қалқып шыққан деп хабарлады  Ресей тергеу комитеті.

Жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны болып шықты. Марқұмның тұрғылықты жері бойынша тергеу амалдары басталды.

Айта кетсек, Қырым көпірінде жүк көлігінің жарылғанын алдымен Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті хабарлаған. Сол кезде Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, Қырым түбегіне қарай бет алған теміржол пойызының 7 жанармай цистернасы өртенген еді.

Қырым билігі келтірілген шығынның «ауыр сипатта емес» екенін және тез арада жөнделетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта көпірдегі қозғалыс тоқтатылды, паромдық өткел дайындалып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-22
Утром13.71 ℃
Днем17.47 ℃
Вечером14.93 ℃
Ночью14.2 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра6.56 м/с
2025-06-23
Утром13.24 ℃
Днем19.18 ℃
Вечером21.51 ℃
Ночью16.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра3.95 м/с