Прокурор экс-министр Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Фото: ашық дереккөз

Жарыссөз кезінде прокурор Бауыржан Шекенов экс-министрді үйқамақтан қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге ауыстыруды ұсынды.

«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды ұсынамын», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ прокурор Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен бір жарым миллиард теңге өндіріп алуды сұрады.

БІРТАНОВҚА ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті. Біртанов бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды.

Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы 2020 жылдың қарашасында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды. Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» деп өзгертілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің пікірінше, Біртанов пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық деректі біріктіруге тиіс болған жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап, пайдалануға берді. Қазір платформа жұмыс істемейді, ал орындалмаған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа Біртановқа өкілетін асыра пайдаланды деген тағы бір айып тағылған. Ол 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінді.

ОЛЖАС ӘБІШЕВТІҢ ІСІ

Әбішевтің ұсталғаны туралы 2 тамызда хабарланды. Ол «билікті асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді.

3 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сол кездегі денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Олжас Әбішевтің өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш бергенін хабарлады. Содан кейін Әбішевтің екі айға ұсталғаны белгілі болды.

Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болды. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік етті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с