Қаңтар оқиғасы: мәжіліс рақымшылық туралы заңды әзірлеуге кірісті

Алдағы уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылайды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді, деп жазды ҚазАқпарат.

«Заң жобасының мақсаты – Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындаған жазаның мерзімін қысқарту. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет пен қоғам жағынан мейірімділік және ізгілік актісі болып отыр», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрағасы Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалатынын айтты.

Осы орайда, 1 520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-05
Утром19.08 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером25.99 ℃
Ночью21.23 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.84 м/с
2026-09-06
Утром17.73 ℃
Днем29.78 ℃
Вечером28.64 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.47 м/с