БҚО-да «қандас» мәртебесін алуға өтініш берушілер саны артты
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша 9 айда осы мәртебені алуға 76 өтініш берілді. Соңғы он күнде 53 адам қабылданды. Бұл мәртебені алуға және Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірушілердің көбеюі Ресей Федерациясында Украинамен соғысқа жұмылдыру жарияланғаннан кейін орын алды.

Орал қаласының №1 ХҚКО бөлімінде қандас мәртебесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет бойынша клиенттерді қабылдаудың арнайы «терезесі» ұйымдастырылды.
ХҚКО-ға жүгінген кезде клиент қандас мәртебесін беру (ұзарту) туралы өтініш беруі, өмірбаянын, туу туралы куәлігін, паспортын қоса беруі қажет. Қызмет 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл қызметті eGov порталы арқылы алуға болады.
«ОА» анықтамасы: қандас — этникалық қазақ және (немесе) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған қазақ ұлтының отбасы мүшелері.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген отбасыларға субсидия беру түрінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі:
- көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен біржолғы төлем.
- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін.
- Қандастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы толықтай электронды үкіметтің сайтында осы жерде.
