Жәрдемақының тоғыз түрін автоматты режимде алуға болады

Қазақстанда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді проактивті (электронды үлгіде) көрсету үшін 20 мың адамға SMS жолданған.

Өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,5 мың адам немесе 29,4% пайдаланды, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз орталығы.

Бүгінгі таңда ешқандай өтінішсіз жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің тоғыз түрін рәсімдеуге болады:

1. жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

2. бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

3. жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

4. асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем;

5. мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршысына) берілетін жәрдемақы;

6. мүгедектігі бойынша жәрдемақы;

7.көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

8. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;

9. атаулы әлеуметтік көмек.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға бірыңғай байланыс орталығынан (1414) SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісетінін білдіріп, жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банктік шотына аударылады.

Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем21.3 ℃
Вечером19.04 ℃
Ночью18.38 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.05 м/с
2026-06-09
Утром15.88 ℃
Днем23.55 ℃
Вечером23.48 ℃
Ночью18 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.68 м/с