АӨСШК саммиті: Тоқаев соғысып жатқан елдерге адам өмірі туралы ишара білдірді

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр.

фото: Ақорда

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды.

Саммитті кіріспе сөзбен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, сөз сөйледі.

фото: Ақорда

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды. Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 28-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді.

Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз», – деп бастады ол сөзін. Одан әрі президент Қазақстанның алдағы екіжылдық төрағалығы кезінде өзіне маңызды міндеттер алып отырғанын, Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артатынын айтып, бес өлшемді атады.

«Бірінші, экономикалық өлшем.

Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.

Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды. Үшінші, экологиялық өлшемнің маңызы арта түсті. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді. 2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін», – деді ол.

фото: Ақорда

Осыған байланысты Тоқаев таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратқанын, осындай қиын кезде ұйымның Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенін тағы да дәлелдегенін жеткізді. Оның айтуынша, климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін.

«Төртінші, АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет. Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ», – деді президент.

Осы ретте ол Кеңестің маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу керектігін, тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында «жасыл дәліздер» ашуымыз қажет екенін атап өтті.

Штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою керек. Сонымен қатар елдеріміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, біз мұқтаж елдерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай алар едік. Қазақстанның АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті. Кеңестің бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, оның перспективалары мен болашағы зор екеніне сенімдімін», – деді ол.

Президент бесінші өлшем ретінде Кеңеске мүше елдерде адам капиталына мән беріп, адамның өмірі мен қызметі ұйым үшін ең мағызды нәрсе болу керектігін ескертті.

фото: Ақорда

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-16
Утром16.88 ℃
Днем24.65 ℃
Вечером24.5 ℃
Ночью20.04 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра9.07 м/с
2024-09-17
Утром10.4 ℃
Днем20.3 ℃
Вечером19.35 ℃
Ночью12.84 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.74 м/с