Каспий теңізінің тартылуы әлемдік экономикаға кері әсер етуде

Каспий теңізінің тартылуы экологияға да, экономикаға да кері әсер етуде. Бұл туралы тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашық көзден

Каспий теңізі – Еуразия құрлығында орналасқан әлемдегі ең үлкен жабық су қоймасы. Оның ұзындығы – 5700км құрайды. Каспийге құйылатын су жолдарының ең үлкені Жайық өзені. Оның ауданы 237 мың шаршы шақырым. Соңғы жылдары Жайық өзенінен Каспийге судың аз келуіне байланысты теңіздегі су деңгейі тез түсуде.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша 100 жыл ішінде Каспий теңізінің деңгейі 2 метрге төмендеген. 2005 жылдан бері теңіздің су деңгейі 10 смге түскен. Егер осы үрдіс 25-30 жыл жалғаса беретін болса, онда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі Арал теңізінің тағдырын қайталауы әбден мүмкін. Ғылыми ұйымдардың болжамы бойынша Каспий теңізінің деңгейі 21 ғасырдың соңына қарай 9-18 метрге дейін түсіп кетуі мүмкін. Бұның салдарынан теңіздегі су солтүстік Каспий шельфінен (Қазақстан жағы), оңтүстік-шығыс жақтағы түркімен шельфінен және оңтүстік пен орталық Каспийдің теңіз жағалауынан кетіп қалады. Бұдан бөлек, теңіздің шығыс бөлігіндегі Қара-Боғаз-Ғол шығанағы кеуіп кетуі ықтимал. Теңіз деңгейі 9 м түссе, онда Каспий теңізінің ауданы 23 %-ға, ал 18 метрге түссе 34 %-ға кішірейеді. Бұл дегеніміз Қазақстанға тиесілі теңіз бөлігі толықтай шөлді аймаққа айналады деген сөз. Бүгінгі Арал теңізінің кеуіп қалған табаны секілді болмақ,- деп жазады шолушы.

Оның айтуынша Каспий теңізінің тартылуы онда мекен ететін теңіз сүтқоректілеріне де өз зардабын тигізбек.

Ашық көзден

Каспий теңізінде мекен ететін жалғыз эндемик, теңіз сүтқоректісі – каспий итбалығының популяциясының жойылуына алып келеді. Өткен ғасырда итбалықтардың саны миллионға жуық болса, ал қазір жүз мыңнан асады. Теңіздің тартылуы салдарынан бұл түр жылдан жылға жойылуда.Қысқы мезгілде Каспийдің солтүстік бөлігіндегі теңіз бетінде мұз қатады. Тек осы аймақта ғана итбалықтар мұз үстінде төлдеп, жақын маңдағы аралдарда мекен етеді. Ал соңғы үш жыл ішінде бұл бөліктегі мұздың қалыңдығы 10 см-ге де жетпеді. Тек итбалықтан басқа, теңіз акваторияториясында құнды балықтар, құстар, жабайы жануарлар бар. Олардың да құрып кету қаупі жоғары,- дейді Сәкен Ділдахмет.

Сәйкесінше, Каспий теңізінің тартылуы әлемдік экономикаға да кері әсерін тигізері анық.

Ашық көзден

Жыл сайынғы Каспий теңізінің экономикалық айналымы трлн доллардан асады. Бес мемлекет арасындағы логистика, тауар айналымы мен көмірсутек тасымалы осы Каспий теңізі арқылы жүзеге асуда. Теңіздің Қазақстандағы бөлігіндегі Қашаған мұнай және газ кен орны жылына бюджет табыс алып келуде. Ал Әзербайджан мемлекеттік мұнай қоры осы теңізде орналасқан кен орындарынан жылына 3,3 млрд доллар пайда көруде. Бұдан бөлек, теңіз маңынан ауланатын тауарлы балық шаруашылығының үлесі 12 мың тоннаға жетіп, еліміздің экспортқа шығаратын балық өнімдерінің санын арттыруда. Ал Ресей Каспийден жылына 300 мың тонна балық аулайды. Бір сөзбен айтқанда, Каспийдің тартылуы тек экологияға ғана емес, осы теңізбен шектескен барлық мемлекеттерге үлкен экономикалық шығын алып келетіні анық. Теңіз ортақ болғандықтан, бес мемлекет барынша тиімді шешім қабылдауы қажет,- дейді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-12
Утром17.45 ℃
Днем26.35 ℃
Вечером22.51 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра7.55 м/с
2024-09-13
Утром12.73 ℃
Днем24.04 ℃
Вечером24.03 ℃
Ночью16.93 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.94 м/с