Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау екі жылға шегерілді

Дәрілік заттардың қадағалануын 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтату ұсынылады.

Ашық көзден

Қазақстанда міндетті таңбалау мыналарға жатады:

• 2019 жылдың 31 наурызынан бастап – табиғи аң терісінен жасалған бұйымдар;

• 2020 жылдың 1 қазанынан бастап – темекі өнімдері;

• 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – темекі таяқшалары, сигаралар, сигариллалар және қыздырылатын темекі;

• 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап – аяқ киім;

• 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап – дәрілік заттар.

Алайда соңғысын таңбалау екі жылға шегерілді.

«Ашық НҚА» порталында 2022 жылғы 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болатын «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау және медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды.

Бұл жобаға сәйкес, дәрілік заттардың қадағалануын 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтата тұру ұсынылып отыр. Бұл соңғы екі жыл бойы міндетті таңбалаумен күресіп келе жатқан бизнес қауымдастығы үшін үлкен жеңіс. 

Тоқтатуға цифрлық дайындықтың жоқтығы себеп болған. Бұл туралы жобаның түсіндірме жазбасында айтылған.

«Қазіргі таңда тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (МТТ АЖ) дәрілік заттарды қадағалау мүмкіндігі жоқ. Дәрілік заттардың қадағалануы тұрғысынан МТТ АЖ қолжетімсіздігін ескере отырып, 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін Дәрілік заттардың қадағалануын реттейтін жүйені толық жүзеге асырғанға дейін тоқтата тұру қажет болды» делінген түсіндірме хатта.

Таңбалауды тоқтату туралы ұсынысты бизнес қауымдастығы көтерді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с