Батыс Қазақстан облысында 25 жекеменшік балабақша жабылудың алдында тұр

Батыс Қазақстан облысында 25 жекеменшік балабақша жабылудың алдында тұр. Себебі, мектепке дейінгі мекемелер жыл басынан бері мемлекет тарапынан қаржыландырылмаған. Миллиондарға қарызға батқан кәсіпкерлер кімнен көмек сұрарларын білмей отыр, деп хабарлады Іnformburo.kz.

«ОА» мұрағатынан

Жабылу қауіп төніп тұрған балабақшаларда кем дегенде 45, ал ең көбі 180 бала тәлім алады. Алайда жыл басынан бері мемлекеттік субсидияға қол жеткізе алмаған кәсіпкерлер ғимаратты жалдау ақысынан бөлек, жұмысшылардың жалақысын тауып бере алмай, қарызға батқанын айтады.

«Барлық мемлекеттік балабақшалар сияқты біз де салық төлеп отырмыз. Шығынымыз бар. Бірақ, оның орнын толтыратын мемлекеттік субсидия алып отырған жоқпыз. Қазіргі жағдайымыз мәз емес, біз бүгін болмаса, ертең жабыламыз ба деген ойда отырмыз», – дейді кәсіпкер Нұрия Байхатова.

Тағы бір кәсіпкер Гүлнұр Төлеген де мемлекет тарапынан қолдау болмаса, балабақша жұмысын жүргізу тек шығынға батыратынын айтып отыр. Кәсіпкерлердің мұңын тыңдаған облыстық білім басқармасының маманы биыл қаржы бөлінбегенін мәлімдеді. Бірақ, оның айтуынша, жаңадан ашылған 15 балабақша ғана қаржыландыру алмаған. Оларға субсидия беру үшін келісімшарт жасалмаған.

«Облыстың шешімімен жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қаражат қазір де оң шешімін тапқан жоқ. Сондықтан келесі жылға бюджеттік өтінім білім басқармасы тарапынан жолданды», – деді Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Клара Меңдіғалиева.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 521 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 109-ы – жекеменшік. Бұл балабақшаларда аймақтың 30 мыңнан астам бүлдіршіні тәрбиеленеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с