Елімізде ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлығына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: Zakon.kz

Атап айтқанда, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторийді 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту ұсынылды.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барып тексерулер мен профилактикалық бақылауды тоқтатсын, делінген құжатта.

Алайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жатпайды.

Жоспардан тыс тексерулер адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекетке ықтимал қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою мақсатында құқық бұзушылықтардың жасалу жағдайларының себептерін жою мақсатында жүргізілуі мүмкін.

Құжатта тексерулерге мораторий Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырдағы тапсырмасын орындау аясында ұзартылғаны жазылған.

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-10.01 ℃
Вечером-9.04 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с