Кадр бар, қадір жоқ: Сенімді ақтай алмаған шенеуніктер немен айналысып жүр

«Мемлекетке трансформация керек» деп президенттің қадап айтқаны бар. «Елге реформа керек» деген сөз де айтылған. Бұл сөзді естіген кезде министрлер мен әкімдер орындарынан тұрып, қолпаштап, қошеметтеп қолдай кетеді. «Біз ескі жолмен өмір сүргіміз келмейді» дейді қазақстандықтар. Референдумнан кейін Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрамыз деген де сенім айтылды. Бірақ… Көпшілік осы «бірақ» деген сөзбен біраздан бері ойға шомып жүр. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте неліктен жалпыұлттық өрлеу бар десек те, ел ісі алға жылжымай тұрғанын түсіну үшін жағдайды талдап көруді жөн көрді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Кадр бәрін шешеді

Ең алдымен, 2022 жылдың кадрлық ауыс-түйістерін шолық шығайық: бірнеше қала мен облыс әкімі, Ішкі істер, Сауда және Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары ауысты. Білім және ғылым министрлігі тіпті екіге бөлінген. Қазақстан президенті шенеуніктердің жұмысын сынға алып, олардың кейбірі қызметінен айырылды. Мұның бәрі «Жаңа Қазақстан» ұғымына әбден сай келетін. Бірақ мұқият қарасаңыз, Жаңа Қазақстанды ескі мамандар «қалыптастырып» жатқандай әсерде боласыз.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең резонансты төтенше жағдайларға – қант тапшылығына, киіктердің атылуына реакция білдіргені есте. Шілденің 14-і күні үш министр көпшілік алдында бірден сөгіс алды. Экология, геология және табиғи ресурстарға жауапты басшы Серікқали Брекешев «ашықтықтың жоқтығы, кулуардағы шешімдер қабылдағаны» және «ақбөкен популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз қағазбастылығы» үшін сынға ұшырады. Шенеунік тағылған айыпты жоққа шығармағанымен, сол күні департаментте жиын өткізіп, қарамағындағылардан жағдайды тез арада реттеуді талап етті. Шешім бірден табылды – жануарлар «кешірілгендей» болды.

Брекешев 2021 жылдың 10 қыркүйегінен бері министр. Осы күнге дейін қызметте.

Қант тапшылығы мен қымбатшылыққа байланысты Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың сөгістерін де еске алған жөн. Тоқаевтың айтуынша, бұл «үкіметтің қате есептеуінен» басқа ештеңе емес. Ал бастары салбыраған министрлер сынды әділ деп танып, жұмыстарында «кемшілік» барын мойындады.

Айтпақшы, Сауда министрі Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары қызметін де атқарған. Жұмыстан сөгіс алған соң бір айдан кейін ол жұмыстан босатылып, 6 қазанда қантпен Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болып шыға келді. Айтпақшы, еңбек жолында ол Қаржы министрін, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарын және Астана қаласының әкімін де аралап үлгерген.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз орнында қалды.

Сондай-ақ президент Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің жұмысына қанағаттанбайтынын білдірген. Мемлекет басшысы цифрландырудың қарқынына көңілі толмай, шенеуніктің премьер-министрді жерге қаратып жатқанын да жасырмады. Десе де Мусин әлі де цифрландыруға жауапты.

Тамыз айында вице-премьер Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия дизельдік отын мәселесін тексерді. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов «уақтылы шара қолданбағаны үшін» қатаң сөгіс алды. Дәл осы күні ҚМГ басшысы тапшылықтың себебі бағадағы диспропорция және елден мұнайдың «сұр» экспорты екенін «анықтады». Министрлiктiң және ҚМГ-ның бiрнеше жоғары лауазымды шенеунiктерi қызметiнен айырылғанымен, сөгiс алған басшылар орнында отыр.

Мырзағалиевтің өзі энергетика саласына жаңадан келмегенін атап өту керек. Ол әр жылдары Экология министрі, Энергетика министрлігін басқарған және президент кеңесшісі болған. Осы уақытта Мағауов ҚМГ, «Қазэнерджи», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қызметтер атқарды. Қазір «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Шенеуніктердің трансформациясы

Қазақстан шенеуніктері жыл сайын таңғажайып кәсіби трансформацияларды бастан кешіреді. Міне, кейбір қызықты жағдайларды келтірейік.

Бақытжан Сағынтаевты бәлкім, жан-жақты мамандардың бірі деуге болатын шығар. Ол 2019 жылдың маусымында Алматы қаласының әкімі болды, бірақ қанды Қаңтардан кейін сынға ұшырап, 2022 жылдың 31 қаңтарында қызметінен кетті. Экс-әкім жұмыссыз қалмады – мамыр айында ол Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды.

Сағынтаевтың тәжірибесінде мін жоқ: ол монополияға қарсы департаменттің төрағасы, Павлодар облысының әкімі, сауда министрі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, өңірлік даму министрі, премьер-министр, мемлекеттік хатшы және президент әкімшілігінің басшысы болды. Ол кем дегенде бес лауазымында бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді.

Соған қарамастан, шенеуніктің қарбалас жұмыс кестесінде басқа да жұмыстарға орын бар еді – Сағынтаев «KEGOC», «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына», «Қазатомөнеркәсіп», «Астана ЭКСПО-2017», «Kazakh Invest» және ҚТЖ директорлар кеңесінің мүшесі болды, ал тамыз айынан бастап ол да FBA EAC Бақылау кеңесінің төрағасы атанды.

Аида Балаева президент әкімшілігінде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келген. Бірақ 2020 жылы ақпарат министрі болып тағайындалды. Сол жылы ол бірқатар жеке БАҚ-ты міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатып, осының ізінше журналистердің кейбірі бала табуына байланысты берілетін төлемнен қағылды. Балаева өзінің бүкіл министрлік мансабында бұл мәселені шешуге уәде берген, бірақ 2022 жылдың қаңтарында ол қызметінен кетіп, президент әкімшілігіне оралды. Қазір Аида Балаева бұл құрылым басшысының орынбасары. Ал БАҚ қызметкерлері декреттік төлемін әлі күтіп жүр.

Сонымен қатар, мамырда экс-министр Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, маусымда Ұлттық құрылтайдың хатшысы болды.

Ералы Тоғжанов еңбек жолын Орал өңірінде орман шаруашылығының қызметкері болып бастаған. Одан кейін бала оқытты, кейін жетекшілікке көтерілді. Мансабы 2001 жылы шарықтап, Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары, дін істері комитетінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, артынша әкім болды. Маңғыстау облысының әкімі болып жүрді де, кенет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді.

Пандемия кезінде ол коронавирус инфекция бойынша ведомствоаралық комиссияны басқарды. 2022 жылдың тамызында президент Тоғжанов министрлер кабинетінен алынып, Ақтөбе облысының әкімі қызметіне жіберілді.

Шенеуніктер өзіне жүктелген міндетті орындай ала – уақыт көрсете жатар. Ал біз тек бұрынғыдай олардың қызу кәсіби жұмысын бақылап қана отыра беретін секілдіміз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с