Орал қаласында Республика күніне отшашу болады
Оралдықтардың назарына алдымен мерекелік концерт ұсынылады.
25 қазан Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық мереке – Республика күні болып жарияланды. Мерекеге орай облыс бойынша 200-ге жуық мәдени іс-шаралар жоспарланған: концерттер, театрландырылған қойылымдар, кітап көрмелері, экскурсиялар және спорттық іс-шаралар.
Мереке 25 қазан күні сағат 18:00-де Тұңғыш Президент алаңында өтетін «Қыран елім – Қазақстаным» гала-концертімен аяқталады. Іс-шараның қонақтары Argonya және Sadraddin қазақстандық эстрада әншілері. Сағат 20: 00-де бұрын қала күнінде болмай қалған мерекелік отшашу болады. Қала күнінде ауа-райы мен техникалық ақауларға байланысты отшашу болмай қалған еді.