5 миллионнан астам салымшы теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы ала алады

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру қоры биыл қанша салымшының өтемақы алатынын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10% көлемінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш беру арқылы келісімін растауы керек. Кейбір банктерде төлемге онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар.

Әр банк өз бетінше анықтайтын өтемақы төлеудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін білу үшін салымшылар депозит ашылған банкке тікелей хабарласуы қажет. Тиісті ақпарат ЕДБ ресми сайттарында да бар.

«Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит ашылған болса, сіздің бұл сыйлықақыны алуға құқығыңыз бар. Өтемақы салымының ең жоғары сомасы 20 миллион теңге болғанымен, статистика көрсеткендей, өтемақы төлеуге негізінен 1 миллион теңгеге дейінгі депозиттер жатады», — деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Төлемдерді банктер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін Ережелерде белгіленген мерзімдерде жүргізетінін естеріңізге саламыз.

Жинақ, мерзімді, мерзімдісіз, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі жинақтар мен салымдар өтеуге жатады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 миллионнан астам салымшының салымдары өтемақыға жатады. Олардың ішінде салымшылардың 97% 5 миллион теңгеге дейін депозиті болса, басым бөлігі (86 %) 1 миллион теңгеге дейін салымды құрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с