Қазақстанда жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі енгізіледі
26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде уақытша жұмыссыз азаматтарды қолдау жүйесі күшейтілетінін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, мемлекет жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін енгізеді.
Жұмыссыз қалғаны үшін төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайтамыз, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Балаларға арналған ұлттық қор» жаңа ауқымды бастамасын жүзеге асыру 2024 жылдан басталатынын еске салды.
«Қазақстан халқы» қоғамдық қорына жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 пайызын аударуды қамтамасыз етеміз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл шаралардың барлығы, Президент атап өткендей, «мемлекеттің әділетті әлеуметтік саясатының тікелей көрінісі болады».
Дереккөзі: Zakon.kz
