Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру тәртібін күшейту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатаңдатуды ұсынды.

Ашық көзден

Депутат жүргізуші куәлігін беру ережелеріне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігі туралы айтып, премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

«Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады. Екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астамы жарақат алады. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының көбеюі елді алаңдатады», – деді Нұрымова мәжіліс отырысында.

Депутат 2019 жылы теориялық және практикалық емтихандарды өткізу бойынша тіркеу-емтихан бөлімшелерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілгенін атап өтті.

«Қазір 747 оқу орталығы мамандарды даярлауда. Алайда көбісі формальді түрде оқытатыны байқалды. Материалдық-техникалық базасы жоқ, жай ғана куәлік басып шығаратын мектептердің саны артты», – деді ол.

Гүлдара Нұрымова болашақ жүргізушілердің өздігінен оқуына қарсы. Ол куәлік алуға байланысты бірнеше талаптар ұсынды.

“- Алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындар үшін онлайн және өздігінен оқуды жою немесе емтихан процесіне қойылатын талаптарды арттыру керек.

– Облыс орталықтарында емтихан тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді ескере отырып, арнайы ХҚО-да емтихандарды тапсыру тәртібін қайта қарау қажет.

– Жүргізушілерді даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен ережелеріне аудит жүргізіледі.

– Оны жүзеге асыруда өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен кәсіби бірлестіктерді, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, автомектептердің бақылауы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету тиіс”, – деп түсіндірді депутат.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с