Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлеме өседі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені ұлғайтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2022 жылғы 27 қазаннан бастап Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін көтеруге байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қазан және қарашасына мерзімсіз депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді жоғарылатуға қарай қайта қарады», – делінген хабарламада.
Ұсынылатын мөлшерлемелер биыл 27 қазаннан бастап күшіне енеді.
Банктерге теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтеру ұсынылады:
- мерзімді депозиттер бойынша – максимум 16,5 пайызға дейін;
- жинақтаушы – максимум 17,5 пайызға дейін.
26 қазанда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 16% – ға дейін көтерді. Базалық мөлшерлемені көтерудің әсері экономика субъектілерінің жинақ белсенділігіне қолдау көрсете отырып және ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылда кідіріспен көрінетін болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz