Парламент қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады

ҚР Парламенті сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қабылдады, соған сәйкес қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі жазадан босатылады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сурет: Zakon.kz

Сенаттың жауапты комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, Заң жобасына депутаттар бастамашылық жасады және ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды орындау үшін әзірленді.

Заң жобасының мақсаты – 2022 жылғы 4 – 7 қаңтар аралығындағы кезеңде тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы біржолғы ізгілік актісі.Сенат

Заң жобасының негізгі міндеті – 2022 жылғы 4 – 7 қаңтар аралығындағы кезеңде арандатушылардың ықпалына түскен және жаппай тәртіпсіздіктер жағдайында қылмыстық іс-әрекеттер жасаған адамдарды, сондай-ақ қаңтар оқиғалары уақытында құқыққа қарсы іс-әрекеттің жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді жазалау мерзімін қысқарту және жазаны өтеуден босату.

Заң жобасы ізгілік актісінің қолданылуына жататын Қылмыстық кодекс баптарының тізбесін, рақымшылықты қолдану шарттары мен тәртібін қарастырады, сондай-ақ босатылған адамдарды орналастыру, жұмысқа тұрғызу, оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін бекітеді.

Құжат қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қылмыстық істерді тоқтатуды, осындай іс-әрекеттер бойынша сотталғандарды жазадан босатуды, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтегендерден сотталғандығын алып тастауды көздейді.

Террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, азаптаулар жасаған, қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруды, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдар рақымшылыққа жатпайды.Сенат

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Сенаторлардың сөзінше, тұтастай алғанда, жобаны қабылдау еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсерін тигізеді.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жалпы 1,5 мыңға жуық адам рақымшылықа ілігетінін хабарлады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-16
Утром16.88 ℃
Днем24.65 ℃
Вечером24.5 ℃
Ночью20.04 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра9.07 м/с
2024-09-17
Утром10.4 ℃
Днем20.3 ℃
Вечером19.35 ℃
Ночью12.84 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.74 м/с