Сот экс-министр Елжан Біртановқа үкім шығарды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық көзден

Бүгін Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы министр мен көмекшісіне қатысты үкім шығарды.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4 бөлімі және 3 тармағына сәйкес, Елжан Біртанов кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығы шектелсін”, – деді судья.

Ал оның орынбасары Олжас Әбішевтың төрт жылға бас бостандығы шектелді. Елжан Біртанов “санавиацияны заңсыз пайдаланды” деген айып бойынша ақталғанымен “лауазымын асыра пайдаланды” деген бап бойынша айыпты деп танылды. Екеуі сот үкімі бойынша “келтірілген” 1 млрд 350 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді.

Еске сала кетсек, бұрынғы министр 2020 жылдың 7 қарашасында үйқамаққа алынған болатын.

Іс барысында Елжан Біртанов өзіне тағылған айыптармен кездеспейтінін айтты. Ал прокурорлар бұрынғы министрді алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с