Мәсімовті ақтау операциясы басталып кеткен бе?

Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде Тоқаев өткізген қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан Мәсімовтың артынан тұтқындалғаны мәлім болған. Оған «мемлекетке опасыздық жасады», «төңкеріс жасамақ болды», «жемқорлықпен шұғылданды» деген айыптар тағылған. 26 қазанда ҰҚК баспасөз қызметі Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловты қамауды 6 желтоқсанға дейін, Дәулет Ерғожинді 13 желтоқсанға дейін, Марат Өсіповті 22 желтоқсанға дейін қамауға шешім шығарған. Мәсімов пен оның үш орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс құпия жүргізіліп жатыр.

Назарбаевтың дәуірінде ықпалды қызметтерде болған Мәсімовтың ереуілдеп көшеге шыққан азаматтар сияқты оңай шағылатын жаңғақ емес екені белгілі. Іле-шала оны қолдайтын, нақақтығын дәлелдеуге белсене кіріскен онлайн ресурстар пайда болған. Олар Алматы веломарафонының көрігін қыздырып жүрген Мәсімовтың түрмедегі күні итке бергісіз, денсаулығынан айырылған деп дабыл қаққан. Міне енді олар тағы бір ақпаратты жария етіп отыр. Олардың келтірген мәліметінше Мәсімовқа анау-мынау емес, Әлемдік Біріккен Ұлттар Ұйымы араша түсіпті.

Біріккен ұлттар ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы Адам құқығы бойынша жоғарғы комиссар басқармасы сайтында Мәсімов ісіне байланысты өздерінің қортындысын жариялапты. Онда Кәрім Мәсімовті бостандығынан айыру кезінде Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының 3, 9, 10 және 11 баптары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9, 14-баптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны атап көрсетілген екен.

Жұмыс тобының есебінде Мәсімов ісі төңірегіндегі «құпиялық» та сөз болып: Мәсімовтің отбасына іс барысы туралы ақпарат берілмегені, кездесуге де рұқсат етілмегені, мұнан өзге, Мәсімовті қорғаушылар жұмысына да кедергі жасалғаны да алға тартылыпты. БҰҰ жұмыс тобы «Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айыруға байланысты жағдайды толығымен және тәуелсіз зерттеуге» және «Мәсімовтің құқығын бұзушыларға шара қолдануға» шақырған. Ақорда «Мәсімовті шұғыл босатып, халықаралық құқық тәртібі бойынша өтемақы алу құқығын беруге тиіс» деп мәлімдеген.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы кісілік құқық комитетінің әрекетіне баға беруден аулақпыз. Бірақ бұдан сәл уақыт бұрын Қытайдағы мұсылман азшылық ұлттардың мәселесін қайта талқыға салу бастамасы көтерілгенде ол ұсыныс мүше елдер тарапынан қолдау таппай, қытайдың пайдасына шешілгені баршаға аян. Енді келіп аталмыш жұмыс тобының Мәсімов ісіне май шаммен үңіліп, жалпыға бірдей баптардың бұзылғанын шүйіншілеуі – ала қойды бөле қырыққандай әсер береді. Мәсімовты оңай шағылатын жаңғақ емес дедік қой, оның негізі мынада: Кәрім Қажмұқанұлы да президент Тоқаев сияқты Қытайдың жоғары оқу орнын бітіріп, алғашқы еңбек жолын Кремлдің қытайдағы елшілігінен бастаған. Одан кейін Әлемнің маңдай алды қаржы орталығының бірі саналатын Ганконгтегі Қазақстанның сауда өкілдігін басқарған. Ганконгтің АҚШ тың, қала берді әлемнің саяси саласына тікелей ықпал ететін Ню-Иорк қаржы орталығымен тікелей алыс-берісі бар екені белгілі. Осы фактылерді ескерсек Мәсімовтың Американың қымбат қалаларында үйі бар екеніне, Біріккен Ұлттар Ұйымының оған араша түсуіне таңданудың қажеті шамалы.

Дереккөзі:  Abai.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-06
Утром-5.3 ℃
Днем-3.71 ℃
Вечером-5.42 ℃
Ночью-6.67 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.82 м/с
2024-12-07
Утром-8.31 ℃
Днем-4.33 ℃
Вечером-5.89 ℃
Ночью-6.84 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.22 м/с