Орал қаласында 6 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды
Қала бойынша ауа-райы салдарынан барлығы 6 321 абонент электр жарығынсыз қалып отыр.
«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС мәліметіне қарағанда, Деркөл және Зачаган кенті, «Телеорталық», «Ескі әуежай», «Құрылысшы» шағынаудандарында электр желілері апаттық жағдайда ажыратылды.
Қала бойынша барлығы 6 321 абонент электр жарығынсыз қалды.
Тұрғындар сонымен қатар жол қатынасында да қиындық туындағанын хабарлап жатыр.
Қарашаның 1-іне қараған түні жауған қар толастар емес. Қазіргі кезде көшелер, ағаш-теректер, автокөліктер кәдімгідей қар жамылған. Температура тілі 0 градусты көрсетіп тұрғандықтан, қар еріп те жатыр. Кеше қалада жаңбыр жауса, бүгін қар алмастырды.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері де осындай ауа райы орын алмақ.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі таңда шаһарда «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС-ның 8 апаттық бригадасы жұмыс жасауда. Оған қоса 2 бірлескен диспетчерлік қызмет электрге қосумен айналысуда. Барлығы 10 бригада іс үстінде.
Тақырып бойынша: Оралдың көп бөлігі электр жарығынсыз қалды
Оралда екі мыңнан астам абонент жарықсыз қалды
Оралда 14 саяжай қоғамы жарықсыз қалды
БҚО-да екі мыңнан аса тұрғын жарықсыз отыр
Орал қаласында жарықтың авариялық сөнуі көбейді
БҚО-ның 8 ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты электр желілері үзілді