Мектеп формасына өзгеріс енгізілмек

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.Құжат ашық НҚА-да жарияланды.

Ашық көзден

Ведомствоның ұсынысы бойынша ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Алайда қыста оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.

Осы уақытқа дейін мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киуі туралы норма алынып тасталады. Сондай-ақ мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады, – деп жазылған министрліктің бұйрығында.

Құжатта білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады деп жазылған. Бірақ жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге болмайды.

Ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындалған.

Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.

Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-08
Утром14.89 ℃
Днем25.6 ℃
Вечером26.36 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с
2024-09-09
Утром16.56 ℃
Днем26.36 ℃
Вечером26.18 ℃
Ночью20.02 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.62 м/с