2023 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың арнайы «әлеуметтік әмиянына» түседі

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады. Енді аз қамтылған 1 миллион отбасының атаулы әлеуметтік төлемдері осы әмиянға түседі. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға әкімдік тарапынан берілетін қосымша қаражат туралы ақпар да осы қосымшада болады. Осылайша сауда министрлігі, баға саясатын бақылауға аламыз деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік әмиян – банктік шоттың баламасы. Жоба халықтың осал топтары үшін арнайы ойластырылған және жеке сәйкестендіру нөмірін еді. Жаңа жылдан бастап 1 миллион адам осы қызметті пайдаланатын болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін карта арқылы ірі сауда нүктелерінде ғана тауар алуға мүмкіндік бар. Басқа кіші дүкендер мен базардан азық-түлік ала алмайды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің тізімі дайындалған. Олар: ұн, макарон өнімдері, нан, қарақұмық, айран, сиыр мен тауық еті және т.б.

Дегенмен бұл топқа кірмейтін қарапайым жұрт күнделікті тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасы аспандап кете ме деп алайдайды. Өйткені онсыз да әлеуметтік маңызы бар тауарлар жыл басынан бері 18%-ға қымбаттаған.

Ал сауда және интеграция министрлігінің өкілдері баға саясатын реттеуден бас тартпайтынын және бағаны ұстап тұру үшін тиісті шаралар жасалып жатыр дейді. Министрлік ірі сауда желілерімен әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін 10%-дан асырмау туралы келісімге қол қойыпты. Шенділер отандық шаруаларды да қолдан келгенше қолдап жатырмыз деп ақталды.

“Мемлекет баға саясатын реттеуден бас тартпайды. Бұл жерде кішкене өзгеше жұмыс жүргізілетін болады. Яғни ол дегеніміз жеңілдетілген несие беріледі шаруаларға. Ол несиеге баға арзан кезде пестицид, гербицид, тыңайтқыштарды сатып алуға болады”, – деді Сауда және интеграция министрлігі Комитет төрағасының орынбасары Айдар Әбілдәбекова.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, цифрлы әмиянның өзіндік мобильді қосымшасы болады. Атаулы әлеуметтік көмектер, әкімдік тарапынан аз қамтылған отбасыларға берілетін азын-аулақ қаражат барлығы осы әмияндағы шотқа аударылады. Ондағы ақшаны азамат қажет деп тапса картасына, болмаса онлайн жарата алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.83 ℃
Днем20.73 ℃
Вечером17.24 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.88 м/с
2026-10-13
Утром9.82 ℃
Днем20.54 ℃
Вечером17.28 ℃
Ночью14.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.4 м/с