Азық-түлік қымбаттады – Смайылов жауапты шенеуніктерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты әкім орынбасарларын тәртіптік жазаға тартуды, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды.

Биыл он айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 20,5 процентке жеткен. Соңғы бір аптаның ішінде сәбіз, картоп, қант пен қырыққабат біршама арзандаса да, жұмыртқа, ұн, күріш пен сүт тағы қымбаттап кетті.

Премьер-министрдің айтуынша, баға тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысынан әлі де нәтиже жоқ.

«Бұл әкімдіктердің әлсіздігін және ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің жұмысты үлестіре алмай отырғанын көрсетеді. Өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін өңір әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын«, — деді Смайылов.

Сондай-ақ үкімет басшысы сауда және интеграция министрлігіне лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуға тапсырма берді.

Қорытындылай келе, ол қияр, қызанақ және жұмыртқа сияқты бағаның ең көп өсуі байқалатын тауарлық позициялар бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

«Негізгі жеткізушілердің кім екенін, бағаның неге өсіп жатқанын анықтау керек. Егер олар өз маржаларын бағаны көтерудің есебінен алса, онда нарықтық ортада жұмыс істесін, ал біз субсидияларды басқа бағыттарға жұмсаймыз. Бұл ретте өңірлерде рұқсат етілген сауда үстемесіне және арнайы комиссиялардың жұмысына мониторингті жүйелі жолға қою қажет. Әріптестер, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуді сұраймын. Құралдардың бәрі бар», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-16
Утром-4.07 ℃
Днем-5.32 ℃
Вечером-10.38 ℃
Ночью-12.08 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.87 м/с
2025-01-17
Утром-8.43 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-2.8 ℃
Ночью-1.91 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.51 м/с