Орал қаласында «Жайықжылуқуат»АҚ жаңа басшысы тағайындалды
Бұрынғы директор Қуат Мусин «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» АҚ басқарады.

Орал әкімдігі «Жайықжылуқуат АҚ басшысы болып Бақытжан Әкімғожин тағайындалғанын хабарлады.
Ол 1985 жылы Самарада дүниеге келген. 2008 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Әр уақытта осы кәсіпорында ол машинист, инженер, апаттық-диспетчерлік қызмет станцияларының ауысым бастығы және жылу-энергия магистралінің бастығы болып жұмыс істеді.
Бұрынғы басшы Қуат Мусин қазір «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЭЖК» АҚ басқарады.
