«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге жұмсалады

Оның ішінде 646 млрд теңге Ұлттық қордан бөлінеді.

Ашық көзден

Ашық НҚА порталында білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы қоғам талқысына ұсынылды. Жобаны жүзеге асыруға 2023-2025 жылдары мемлекеттік бюджеттен 2 606 596 055 мың теңге бөлу көзделген. Оның ішінде 646 535 206 мың теңге Ұлттық қордан, 1 960 060 849 мың теңге республикалық бюджет есебінен бөлінеді:

  • 2023 жылы – 499 999 715 мың теңге;
  • 2024 жылы – 1 038 388 534 мың теңге;
  • 2025 жылы – 1 068 207 806 мың теңге.

Қаражат жаңа мектептер салып, оларды технологиялық жарақтандырудан бөлек, пайдалануға берілгеннен кейін олардың күтіп ұстауға да жұмсалады.

Жоба бойынша 2026 жылға дейінгі мерзімде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында кемінде 800 мың жаңа оқушы орнын құру көзделген. Жоба аясында 100 мың уақытша жұмыс орны мен 145 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба аясында бой көтеретін мектептердің ең шағыны 300 балаға арналса, ең үлкені 2500 оқушыны қамтиды деп жоспарланған.

Айта кетейік, қазіргі таңда республика бойынша оқушы орындарының ағымдағы тапшылығы 270 мыңды құрайды. Оның ішінде қалада – 167 мың орын, ауылдық елді мекендерде – 96 мың орын.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қағидалары мен талаптарын бекіту үшін ашық талқыға шығарылған құжатта Қазақстанда пайдалану мерзімі 70 жылдан асып жығылған 177 мектеп бар екені жазылған.

«Қазіргі қолданыстағы 710 мектептің тозығы жеткен. Пайдалану мерзімі 70 жылдан асатын ғимаратты қолданып отырған 177 мектеп бар. Олардың ішінде 353 мектеп саманнан, 69 мектеп ағаштан, 5 мектеп қамыстан салынған. 147 мектепте үш ауысымдық оқыту жүргізіліп, 33 мектеп апатты деп танылды. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеу барысында үш ауысыммен оқитын бірнеше жүз мектеп анықталды», – деп көрсетілген құжатта.

Құжатта мектептер құрылысының биылғы жылдамдығы демографиялық, үрдістің, көші-қонның, оқушы орнының тапшылығының қарқынымен тең келмейтіні айтылған.

“2020 жылдан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 1 039 775 бала өмірге келді. Соңғы үш жылда бірінші сынып оқушыларының саны 1 160 311 оқушыны құрады. Халықтың көші-қон көлемі 34 пайызға артты. Ал мектеп ғимараттарының тозуы 15 пайызды құрап отыр. Болжам бойынша 2026 жылға қарай оқушы орнының тапшылығы 1,1 млн-ға жетуі мүмкін”, – дейді министрлік өкілдері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-13
Утром17.96 ℃
Днем28.03 ℃
Вечером28.45 ℃
Ночью24.7 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.38 м/с
2025-06-14
Утром21.36 ℃
Днем24.29 ℃
Вечером27.45 ℃
Ночью22.44 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.79 м/с