Қазақстандағы инфляция шетелден шыққан – Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден азық-түлік импортының тұрақты жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді.

Ақорданың хабарлауынша, президент өз сөзінде Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне ерекше тоқталған.
Президент сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып, елдегі ауыл шаруашылығы мен өңдеуші секторлар, энергетика, жасыл қаржыландыру салаларында айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.
– Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн жеткізе отырып, астық дақылдарының ірі экспорттаушылардың ондығына кіреміз. Қазақстан зығыр тұқымын ең ірі өндірушілердің және майлы дақылдарды экспорттаушылардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бізді инфляцияның жоғары деңгейіне әкелетін шетелден азық-түлік импортының тұрақты жоғары деңгейі алаңдатады. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияның шетелден шыққанын дұрыс мойындайды, – деді Тоқаев.
Дереккөзі: Ордa.kz