Күзгі аңшылық және балық аулау маусымындағы қауіпсіздік ережелері

Күзгі кезеңде аңшылық және балық аулау маусымының басталуымен су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.

Ашық көзден

Осы мақсатта Департамент ТЖ туындау қаупін азайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізу бойынша алдын ала жұмыс ұйымдастырды.

Облыс аумағында 65 аңшылық және 150-ден астам балық шаруашылығы бар.

Қыркүйектен бастап 100-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді (126), 1000-нан астам жадынама (1573) таратылды, суда (мұзда) жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша 52 нұсқама өткізілді, әлеуметтік желілерде 100-ден астам мақала жарияланды, сондай ақ судағы қауіпсіздік туралы жадынамаларды тарату үшін аңшылық және балық аулау дүкендерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Құтқарушылардың күнделікті ұсыныстарына қарамастан, жүйелі патрульдеу, әлеуметтік желілерде ақпараттық мақалалар жариялау арқылы біздің балықшылар балық аулау кезінде суда болу ережелерінің қарапайым талаптарын елемей отыр.

Осы жылдың басынан бері бірлескен үйлесімді жұмыстын арқасында облыс аумағында балықшылардың суға батып кеткен жағдайлары тіркелген жоқ. 2021 жылы 2 адам батып кетті, олардың ішінде 1 бала. (2020 жылы 4 балықшы суға батып кетті).

Өткен жылғы қайғылы жағдайға назар аударамын, қазан айында Бәйтерек ауданы Жамбыл кентінің жанындағы Деркөл өзенінде әкесі мен ұлы қолдан жасалған қайықпен аударылып, батып кетті.

Басқа облыстағы жағдай, қыркүйек айында 1995 жылы туған (27 жастағы) футбол командасының жаттықтырушысы жағадан балық аулау кезінде тайып, жартастан өзенге құлап, суға батып кетті, денесі бірнеше күннен кейін табылды.

Республика бойынша осындай қайғылы мысалдар өте көп.

Айта кету керек, су айдындарында мұз әлі қалыптаспаған және іс жүзінде жоқ, осыған байланысты облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, осы мүмкіндікті пайдаланып облыстың барлық тұрғандары мен қонақтарына ескерткім келеді:

– күзгі-қысқы кезеңде балаларды су айдындарына жіберменіз;

– дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз қозғалуға болады;

– жағадан балық аулау кезінде де құтқару кеудешесін пайдалануды ұмытпаңыз;

– алкогольді ішуден аулақ болыңыз – мас күйінде суда көптеген қайғылы жағдайлар орын алады;

– балық аулауға кетер алдында кәсіпшілік орны туралы туыстары мен жақындарына міндетті түрде хабарлау, сондай-ақ балық аулаудан қайту уақытын нақтылау қажет.

Кез келген төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112»телефонына қоңырау шалу қажет.

Өзіңізге және жақындарыныздыға қамқорлық жасаныз!

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.33 ℃
Ночью29.27 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с