Ресей өз аумағы арқылы Қазақстаннан көмір тасымалдауға тыйым салғысы келеді

Ресейдің Энергетика министрлігі қазақстандық көмірдің транзитіне тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Ведомости».

Сурет Наташа Шарапова / Ведомости

Ресей де, Қазақстан да ЕАЭО-ға мүше болғанымен, Ресей шенеуніктері көршілеріне шектеу қою арқылы өздерінің көмір экспорттаушыларын қолдау қажет деп санайды.

Бұл бастама Ресей вице-премьері Александр Новакпен көмір экспортын дамыту мәселелеріне арналған кездесуде көтерілді. Ресейлік көмір экспорттаушыларын қолдау үшін Ресей билігі «темір жол инфрақұрылымының көліктік мүмкіндіктерін бөлуде аймақтарға басымдық беруді» алып тастауды және тасымалдаудың артықшылығын қамтамасыз ету және үшінші елдерден көмір транзитіне уақытша тыйым салуды ұсынды.

Айта кетсек, қаңтардан мамырға дейін (Украинадағы соғыс аясында) Қазақстан Еуропалық Одаққа көмірді өткен жылмен салыстырғанда көбірек жеткізген.

Қазақстан Еуропа елдеріне көмірді негізінен Ресей немесе Балтық жағалауы елдері порттарында ауыстырып тиеп, теңіз арқылы (осы жылы 782 мың тонна және өткен жылы 240 мың тонна), темір жолмен (тиісінше 635 мың және 540 мың тонна) және автомобиль жолымен (тиісінше 635 мың тонна және 540 мың тонна) тасымалдайды.

Жалпы алғанда, өткен жылы Қазақстан 29,2 млн тонна көмір экспорттаса, оның ішінде негізгі бағыттар бойынша Ресей (19 млн тонна), Швейцария (4,8 млн тонна) және Беларусь (1,9 млн тонна) болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.38 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с