Орал қаласында хоспис жұмыс істей бастайды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл орталықтың облысымызға қажеттілігі туралы жылдағы статистика көрсетіп келеді.
Толық жөндеуден өткен ғимаратты облыстық онкологиялық диспансерге кәсіпкер Тұрарбек Тілемісов, «ОралТранс» ЖШС және «Жайық Таза қала» ЖШС директоры теңгерімге берді. Ол облыс әкімінің кәсіпкерлерге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттарымен қалада хоспис ашу туралы ұсынысына жауап берді.
Желтоқсан айында БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook парақшасында хоспис жобасы жоғары рентабельді емес, бірақ өзін-өзі ақтайтынын жазды.
«Оны мемлекет ұзақ мерзімді қолдайтын болады. Оралдағы хосписті ұйымдастыруды қолға алған кәсіпкерге мемлекет 918 шаршы метр ғимарат береді. Ол мемлекет есебінен жөнделеді. Кәсіпкерге ақшалай қаражатты қайтару қызметтерге және қосымша коммерциялық қызметтерге мемлекеттік тапсырыс есебінен жүргізілетін болады,» деп жазды Ғали Есқалиев.
Тілемісов, оның айтуынша, ол міндетті сақтандыру медицинасы қорынан паллиативтік төсектерді ұстауға мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру болады деп сенген.
Алайда, Тілемсіов жеке-мемлекеттік серіктестікке қол жеткізе алмады.
Тілемісов бұл жобаға 362 миллион теңге жұмсады-аукционда 130 миллионға онкодиспансердің ескі ғимаратын сатып алды, оны жөндеп, төсектермен жабдықтады. Бірақ одан әрі кәсіпкер аурусынуды басатын есірткілік дәрілерге лицензиялар мен рұқсаттарды рәсімдеу қажеттілігі шешілмейтін кедергі болды. Оның айтуынша, Тілемісов мұны істеу мүмкін емес екеніне көз жеткізді. Ол ғимаратты облыстық онкодиспансердің балансына беру туралы шешім қабылдады.
Ол өз шығындарын қалай өтемекші деген сұраққа әлі ештеңе айта алмайтынын айтты. Бірақ ғимарат оның меншігінде қалады және оны онкодиспансерге жалға береді.
Онкодиспансердің директоры Зеил Магзомов хосписті келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландыруға қоятынын айтты. Екі палата коммерциялық мәртебеге ие болады.
Оның үстіне хоспис штатына 20 адам алу керек.
Жыл сайын облыста онкологиялық диагнозы бар 1 450-ге дейін науқас тіркеледі, оның ішінде 15,3% кеш сатысында.
Бір паллиативтік пациентті ұстауға медициналық сақтандыру қоры тәулігіне 10 мың теңге бөледі, – деді Мағзомов.
Пациентті хосписке жіберу емханада ресімделеді.
Диспансер директоры Зейіл Мағзомовтың айтуынша, орталық ауыр науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.
– Мұнда емделушілерге ауырсынуды басатын әлеуметтік, физикалық және психологиялық көмек көрсетілетін болады. Орталықта жасалатын жұмыстардың бәрі науқастардың үрей-қорқынышын басуға, қатты ауырссынуларды жеңілдетуге бағытталмақ. Қиын сәттерде оларды жалғыз қалдырмау. Паллиативтік көмек пациенттердің ғана емес, олардың отбасыларының да жайлылығы үшін жасалмақ. Ауыр науқастарға күтім жасайтын отбасылар осы жерден әлеуметтік демалыс ала алады, – деді диспансер директоры Зейіл Мағзомов