Жайық өзенінің тартылуына жұрт қатты алаңдатып отыр – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Атырау өңірінің жұртшылығымен кездесуде тартылып бара жатқан Жайық өзенінің мәселесін қозғады. 

«ОА» мұрағатынан

Жайықтың тартылуы жұртты қатты алаңдатып отырғанын да президент ашық айтты. Дарияның деңгейі соңғы жылдары төмендеп кетті. Өзен аңғарының экологиялық ахуалы күрт нашарлап, ластану көрсеткіші бойынша ең соңғы, яғни бесінші дәрежеге жеткен.

«Мен осы күрделі мәселені бірнеше рет халықаралық деңгейде көтердім. Қазақстан мен Ресейдің арасында бірқатар келісім-шартқа қол қойылды. Экологияны, трансшекаралық өзендердің биоәлемін сақтау және оны тиімді пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық негіз бар. Көрші елмен осы бағыттағы әріптестікті нығайтып, келісімдердің мүлтіксіз орындалуына күш салу керек. Бұл істе бәрін осы өңірдегі мемлекеттердің өкілдеріне ғана жүктеп қоюға болмайды.

Сарапшылар, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам белсенділері де өз міндетін атқаруға тиіс. Жайықты сақтауға бәріміз күш жұмылдыруымыз керек. Экологиялық ахуалдың нашарлауы көптеген салаға кесірін тигізеді. Нақты шараларды бүгін қабылдамасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Сондықтан, табиғатты қорғауға қатысты кез келген заң бұзушылықтың жолын кесу керек.

Өзеннің аңғарын түгел тексеріп, ондағы нысандардың заңдылығын мұқият қарау қажет. Жайық өзенінің бойын тазалап, экожүйені қалпына келтіру үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бұл – облыс әкімінің және үкіметтің тікелей міндеті», – деп түйіндеді мемлекет басшысы. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-26
Утром1.32 ℃
Днем8.55 ℃
Вечером6.96 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.72 м/с
2025-03-27
Утром1.25 ℃
Днем9.27 ℃
Вечером10.03 ℃
Ночью5.57 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра5.02 м/с