Батыс Қазақстан облысында биыл мыңнан аса адам қоныс тойын тойлайды

2019-2021 жылдары өңірде 1,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тапты.

Өткен үш жылда тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 55,9 млрд теңге бөлініп, 3 482 пәтер кілті тұрғындарға табысталған. 64 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін су желісі бойынша 58 нысанның құрылысы мен жаңғыртылуына 17,8 млрд теңге жұмсалды.

Құрылыс материалдарының 20 пайызға дейін қымбаттауына қарамастан аймақта тұрғын үй салу ісі бәсеңдеген жоқ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлімдеді.

2022 жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстардың бәрі толықтай атқарылады. Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Орал және Ақсай қалаларында 16 көппәтерлі тұрғын үй мен ауылдық елді мекендерде 71 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Бұл мақсатқа бюджеттен 13,9 млрд теңге қарастырылған. Облыста биыл мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар.

«Бюджет қаражаты есебінен 5 көп қабатты үй, ауылдық елді мекендерде 54 тұрғын үй іске қосылады. 35 ауылдық елді мекенде сумен қамту бойынша 26 жоба іске асып жатыр. 22 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады», – деді Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.

Сондай-ақ, Орал қаласындағы «Ақжайық» жаңа шағын ауданы игеріліп жатыр. Қазір «Ақжайықта» 5 көп қабатты тұрғын үй бой көтеріп келеді. Жоба жоспары бойынша бәрін де 2023 жылы пайдалануға беру көзделген. Облыс бойынша әлеуметтік нысандарды салу жоспары қазірге дейін 62,4 пайыз орындалды.

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

ten + 9 =

x
2024-02-22
Утром-24.55 ℃
Днем-15.66 ℃
Вечером-18.78 ℃
Ночью-21.07 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра2.45 м/с
2024-02-23
Утром-24.64 ℃
Днем-14.59 ℃
Вечером-17.4 ℃
Ночью-22.65 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра2.56 м/с