Орал қаласында туған ағасын өлтірді деп күдіктелген ер адам ұсталды

Сейсенбі, 8 қараша, сағат 22.00 шамасында Циолковский көшесіндегі пәтерден пышақ жарақаты бар 47 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция ер адам «жедел жәрдем» келгенге дейін өз пәтерінде қайтыс болғанын хабарлады.
— Қазіргі уақытта мәйіт сараптамаға жіберілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 1973 жылы туған азамат Б. ұсталды. Күдікті Орал қаласының Уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 — бабы 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, — деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Ер адам тұрған үйдің тұрғындарының айтуынша, ұсталған адам марқұмның туған ағасы. Кісі өлтіруден кейінгі күні, 9 қарашада полицейлер қылмыс орнына – тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қаза тапқан адамның пәтеріне келді.
Тексерілмеген ақпаратқа сәйкес, қылмысқа күдікті бұл қылмысты жасамағаны туралы куәлік берген.
Талғат Омаров
