Жемқор шенеуніктерден мектеп салуға 50 млрд теңге тәркіленді

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы бірінші кезекте балалар үш ауысымда оқитын аймақтардағы жаңа мектептердің құрылысына бағытталады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қаржының Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсетінін айтты. Қазірдің өзінде 50 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, жақын арада бұл сома 100 млрд теңгеге дейін өседі.

– Олар жетіспейтін және үш ауысымды білім беретін, сондай-ақ кейбір өңірлердегі апатты жағдайдағы мектептердегі оқушыларды қосымша орынмен қамтамасыз ету үшін және мектептерге қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі жоспарлы түрде қаржыландырылатын бюджетке енгізілген қаражатқа қосымша қаржыландыру мақсатында тиісті құжаттаманы дайындауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаражаттың қандай да бір көлемін арнайы жоспарламаймыз, оны алған соң бөлеміз, – деді министрлер кабинетінің басшысы Сенат отырысында.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген ақшаның барлығын мектеп салуға жұмсау керектігін айтты.

Дереккөзі: Оrda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-23
Утром18 ℃
Днем24.97 ℃
Вечером25.79 ℃
Ночью21.87 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.46 м/с
2024-07-24
Утром16.23 ℃
Днем19.53 ℃
Вечером16.25 ℃
Ночью15.44 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра4.72 м/с