Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар көбейген

2022 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ал жұмыссыз қазақстандықтардың саны 450,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайты.

«ОА» мұрағатынан

Бюроның мәліметінше, 2022 жылы III тоқсанда Қазақстан экономикасының әр түрлі саласында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6,7 млн-ы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 12,5 мың адамға, жалдамалы қызметкерлер саны 28,5 мың адамға өссе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, керісінше, 16 мың адамға азайған.

Толық жұмыспен қамтылмағандар саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 8 пайызға өсіп, 299,3 мың адамды құрады.

2022 жылы III тоқсанда жұмыссыздық деңгейі тұрақты болып, 4,9 пайызды құрап, жұмыссыздар саны 450,3 мың адамды құрады. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар саны 2022 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 6,6 пайызға азайып, 48,1 мың адамды құрады.

«15-28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 6,5 пайызды құрады», – делінген бюроның хабарламасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы қазан айының соңына 238,2 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа өскен және жұмыс күшінің 2,6 пайызын құрады. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-20
Утром14.74 ℃
Днем21.6 ℃
Вечером22.14 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра9.52 м/с
2025-06-21
Утром14.19 ℃
Днем15.67 ℃
Вечером19.93 ℃
Ночью15.63 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра9.83 м/с