БҚО-да 4 млн астам теңгені заңсыз аударған мекеме бухгалтері сотталды

Жәнібек аудандық сотында «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ бухгалтері Ақсұлу Ибраеваға қатысты үкім шықты.

Көрнекі сурет

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аталған лауазымды қызметкер ЭЦҚ пайдалану арқылы мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да адамдардың жеке шотына 4 млн астам теңгені заңсыз аударып жіберген.

Сот үкімімен А.Ибраеваға мүлкін тәркілемей 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ ол 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қалалық сотында №17 ЖОББМ 61 жастағы бухгалтері Валентина Дзюбаға қатысты қылмыстық іс қаралған болатын. Ол сеніп тапсырылған басқа біреудің мүлкін иемденді немесе ысырап етті деп айыпталды. Әйел кінәлі деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Теректі ауданының балалар музыка мектебінің бас бухгалтері Бердников жалақыны және басқа төлемдерді өзінің жеке шоттарына негізсіз аударған. Мемлекетке келтірілген залал 22 миллион теңгеден асты. Бердников ұрланған ақшаны букмекерлік кеңселерде ойын-сауық пен ставкаларға жұмсаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром18.2 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером21.84 ℃
Ночью19.91 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.51 м/с
2025-06-18
Утром15.69 ℃
Днем21.81 ℃
Вечером20.16 ℃
Ночью15.29 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.81 м/с