БҚО тексеру кезінде 705 үйде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғаны анықталды
Тексеру жүргізу кезінде 1214 үйдің 705-де өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, оның ішінде автономды жылыту жүйелерімен байланысты 270 бұзушылық, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 559 бұзушылық және басқа 95 бұзушылық анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша 8 объектіде («Жайықжылуэнерго» АҚ 6 объектісі, энергиямен қамтамасыз етудің 2 объектісі) өрт қауіпсіздігі талаптарының 27 бұзушылығы анықталды, жіберілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 229725 теңгеге 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соңғы 3 жылда тұрмыстық газ тұтынушылар объектілерінде табиғи газбен улану себебінен 3 адам қаза тауып, 33 адам түрлі дәрежедегі улануға ұшырады.
Өртте адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі тұрғын үйлерде улы газ датчиктерін орнату болып табылады.
Ағымдағы жылдың жылу беру кезеңі басынан бастап (2022 жылғы 15 тамыздан бастап) тұрғын үйлерде газ қызметтерімен 3507 табиғи газ датчигі орнатылды, әкімдіктер мен демеушілік көмек көрсету есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне 59 улы газ датчигі және 23 табиғи газ датчигі орнатылды, қазіргі уақытта тағы 72 улы газ датчигі сатып алынды.
Соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілік көмек есебінен 1153 улы газ датчигі орнатылған болатын.
Сонымен қатар, облыста 2022 жылы тұрмыстық газ баллондардың жарылуының 3 өрт оқиғасы тіркелді, онда 1 адам жарақат алды (2021-5). Ескі және мерзімі өтіп кеткен газ баллондарды қолданатын халықтың негізгі бөлігі қаланың шетінде немесе ауылдық елді-мекендерде орналасқандығы жағдайды қиындатады. Тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, өз баллондарын жақын маңдағы тұрмыстық баллондарды толтыруға құқығы жоқ автогаз құю станцияларында толтырады және бұл әрекеттері заңсыз болып табылады.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Осы жағдайды пайдалана отырып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы тағы да еске салғымыз келеді. Жылыту пештерін, газ қондырғыларын және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаунызды сұраймыз.